Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Балабақшада тәрбиеші мен медбике балалардың алдында жұлысты (видео)

Балабақшада тәрбиеші мен медбике балалардың алдында жұлысты (видео)
ашық дереккөз
Теміртауда балабақша тәрбиешісі мен медбике балалардың көзінше жұлысып қалды, деп хабарлайды KYN.KZ. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан балабақша тәрбиеленушілерінің көз алдында медбикенің тәрбиешіге бір нәрсе айтып, артынан келісе алмай қалғанын көруге болады. Бір мәмілеге келе алмаған екеу есіктің алдына келіп, бір-біріне қол көтере бастайды. Сол сәтте бұл екеуінің төбелесін көрген басқа да әйелдер келіп тоқтатқан. «Медбике тәрбиешіге тап берді. Арты осы төбелеске алып келген. Бүлдіршіндер қатты қорқып қалды. Олар тіпті сол күнгі оқиғаны үйге келген бетте айтты. "Біз дәрігерден қорқамыз" деп балабақшаға барғылары келмейді. Ата-ана ретінде балаларымыздың болашағына алаңдаймыз. Білім басқармасына арыздандық», - делінген ата-аналардың мәлімдемесінде. Теміртау қалалық білім басқармасы аталған жайтқа мән-жайын түсіндіріп, тексеріс жұмыстарының басталғанын хабарлады. https://youtube.com/shorts/0Cg5J27D_E0?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар