Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әр облыстағы президент резиденциялары балалардың игілігіне берілетін болды

Әр облыстағы президент резиденциялары балалардың игілігіне берілетін болды
ашық дереккөз
Мемлекет басшысы бес аймақтағы осындай нысаннан мектеп, не балабақша, сауықтыру лагерлерін ашуды бұйырды,деп хабарлайды  KYN.KZ  сайты КТК арнасына сілтеме жасап. Осы уақытқа дейін резиденциялар облыс әкімдерінің қонақтарын қабылдап, сапарлап келген шенді-шекпенділердің демалатын жері болған. Енді зәулім ғимараттарда атқамінерлер емес, балалар асыр салып ойнайды. Еліміздің бірқатар аймақтарында мемлекет басшысының резиденциялары бар. Барлығы қала сыртында, жұрт көзінен жырақта орналасқан. Мысалы, Ақтөбедегі президент резиденциясы Қарғалы өзенінің бойында. Мұнда кімнің кіріп, кімнің шығып жатқанын кез келген адам біле бермейді. Ақтөбедегі күзеті күшті бұл мекенде облыс әкімі де тұрған. Қарамағындағылар аймақ басшысы Ерлы Тоғжановтың отбасы қазір ол жерді паналамайтынын айтады. Өңірдегі президент резиденциясын күтіп ұстауға, күзетші мен аспаздан бастап бірнеше жұмысшыға жалақы беруге, тіпті ыдыс-аяғы мен мүлкіне дейін қазынадан ақша бөлініп келді. Жылына қанша қаржы жұмысалғанын жергілікті шенеуніктер ашып айтпайды. Тек ешқашан қаңырап бос тұрмады деп отыр. Ақтөбеге келген лауазымды тұлғалар осында түнеп, қонақ болады екен. "Ол қонақтар үйі резиденция деп аталады. Келетін делегациялар сол жаққа тоқтайды. Сол себепті ол қаңырап бос тұрған жоқ. Оның өзін қарап күтетін мамандар бар. Ешқандай қарап тұрған жоқ",-дейді Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысының орынбасары Ержан  Байтанаев. Ақтөбедегі президент резиденциясынан балаларға арналған сауықтыру лагері ашылуы мүмкін. Ал тараздық шенеуніктер бұл жайында әлі ойланып жатыр. Мұндағы мемлекет басшысының резиденциясы елдегі ең зәулімі болып саналады. Бірақ маңайына ешкімді жолатпайды. Біз де темір қоршаудың сыртынан әрі аса алмадық. Жергілікті әкімдік осы нысанды күтіп ұстауға жылына елу миллион теңге шамасында ақша жұмсалады деп отыр. Атырау мен Қостанайдағы резиденциялар да балалардың игілігіне берілуі қажет. Президент берген тапсырма солай. Бірақ осы күнге дейін күшейтілген күзет қойылған биік қақпалардың қашан айқара ашылатыны белгісіз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар