Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстан Түркияға көмектесу үшін 100 құтқарушы жіберді

Қазақстан Түркияға көмектесу үшін 100 құтқарушы жіберді
ашық дереккөз
Қаржылай көмек ретінде 1 млн доллар аударатын болды
Қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер тобы  Түрік халқына  көмек қолын созу үшін ұшуға дайындалып жатыр. Бұл Түрік халқына баражатқан құтқарушылардың екінші тобы. Бұған дейін алғашқы көмекке қырық құтқарушы жіберілген еді. Олар  Газиантеп қаласында жұмыс жасап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ сайты. Бүгінгі жолға шыққалы тұрған топта 60 адам бар. Жартысы құтқарушылар, қалғаны медқызметкерлер. Дәрігерлер дәрі-дәрмек сынды медициналық жабдықпен, құтқарушылар өз құралдарымен қоса иісшіл иттерін де алып барады. Қазіргі күні Түрік еліне көмекке Қазақстаннан 100 адам жіберілді. Бұдан бөлек Қазақстан көмек ретінде 1 млн доллар аударатын болды
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар