Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркияда үйінді астынан қазақстандық қыз табылды

Түркияда үйінді астынан қазақстандық қыз табылды
ашық дереккөз
Алмат Құрмашев есімді азамат Түркиядағы жер сілкінісінен кейін жоғалып кеткен төрт қазақстандықтың бірі Сабина Мамадиярова табылғанын хабарлады.
"Сабина тірі!!! Тек қолы сынған. Ауруханаға апара жатыр", - деп жазды ол.
"Соңғы ақпаратқа сәйкес, үйінді астында қалған Сабина Мамадиярова тірі. Ол құтқарушылармен сөйлесіп жатыр. Демек қалғандары жақын жерде деген сөз", - деп "Антакиядағы азаматтарымызды іздейміз" тобы да ақпарат таратты.
Бұған дейін Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экиджи 6 ақпаннан бері төрт қазақстандықпен байланыс үзілгенін хабарлады.
Алмат Құрмашев жер сілкінісінен кейін жоғалған бауыры Мирболатты іздеп Хатайға ұшып барған.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар