Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркістандық 3 баланың анасы: полиция қызметкері үйіме кіріп, қаруымен ұрып, зорлап кетті

Түркістандық 3 баланың анасы: полиция қызметкері үйіме кіріп, қаруымен ұрып, зорлап кетті
ашық дереккөз
31 жастағы әйел оқиға болған күні прокуратураға арыз жазғанымен іс жабылып қалыпты
Түркістан облысында 31 жастағы келіншек өзін  полиция қызметкері  сегіз айдан бері бопсалап жүргенін айтты, деп жазды KYN.KZ. Әйелдің сөзінше ол бірден үйге жұмыс киімімен басакөктеп кіріп, әйелді тапаншасымен ұрып құлатқан. Артынша зорлап, қорлаған. "Үйге полиция киімімен, тапаншасымен кіріп келді. Мен оны кезекшілікте жүр деп ойладым. Ол мені тапаншамен басыма ұрып артынша зорлады. Ұрғаны сонша көзімнен от шықты. Мен таңға дейін жылап отырдым. Таң атысымен полиция басқармасына барып, үстінен арыз жаздым",-дейді келіншек. Тергеу осы арыз бойынша "зорлау" бабымен ашылған. Бірақ, себебі түсініксіз, іс жабылып кеткен.  Әйел Баспрокуратураға қайта шағымданғаннан кейін істі қарау қаута басталған. Полициядағылар іс Түркістан облысы басқарма басшысының арнайы қадағалауында екенін жеткізді.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар