Басты жаңалықтар
Түркияның Искендерун қаласында жер сілкінісінен кейін теңіз деңгейі көтеріліп, тұрғындардың өміріне қауіп төндіріп отыр
- автор kyn.kz
- 8 ақпан, 2023
- 267
Жойқын жер сілкнісінен кейін адамдар саябақтар мен басқа да ашық жерлерде паналауға мәжбүр
Магнитудасы 7,7 болатын дүмпулерден кейін жолдарды, алаңдарды, кәсіпорындарды теңіз суы басып жатыр. Ол жер сілкінісінен кейін су жағалау сызығынан бірнеше метрге көтерілді. Екі күн өтсе де су кері шегінбеген. Жаңа дүмпулердің және ықтимал су басу қаупіне байланысты адамдардың үйлеріне қайтуына рұқсат етілмейді.
Тұрғындар портты қаланың жағалау бөлігіндегі ғимараттардан эвакуацияланып жатыр.