Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркияда үйінді астынан қазақстандықтың денесі табылды

Түркияда үйінді астынан қазақстандықтың денесі табылды
ашық дереккөз
Қазақстандық құтқарушылар Хатай қаласындағы толығымен қираған 6 қабатты үйдің үйіндісін ашып жатыр
Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Хатай провинциясында үйінді астынан жерлесіміздің денесін тапты, деп хабарлайды KYN.KZ  сайты ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Бүгін 9 ақпан күні таңертең іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып, оның барысында туыстары Құбылай Кескин есімді Түркия азаматының және Қазақстан Республикасының азаматы Әділ Қадырбековтың мәйіттері табылды. Сыртқы істер министрлігі марқұмның денесін отанына жеткізуге барынша көмек көрсетеді», делінген ҚР СІМ хабарламасында. Қазақстан құтқарушылары Хатай провинциясындағы ең күрделі учаскелердің бірінде іздеу жұмыстарын жалғастыруда. Іздеу объектісі - толығымен қираған алты қабатты үй, үйіндінің көлемі 18 мың м3 асады. Жедел ақпарат бойынша қазіргі уақытта Қазақстанның бір азаматының денесі табылып, үйінді астынан шығарылды. Құтқарушылардың жұмысы көптеген үйінділермен, тұрақсыз құрылымдармен күрделене түседі. Қазақстандық құтқарушылар барынша тиімді жұмыс істеуде. Бұған дейін біздің құтқарушыларымыз осы объектіде Түркияның екі азаматының денесін тапқан болатын.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар