Басты жаңалықтар
6 жыл бойы 9 ай сайын босанып, балаларын тастап кетеберетін әйел халыққа адам шошырлық шындығын айтты
- автор kyn.kz
- 9 ақпан, 2023
- 535
Алғаш рет 13 жасында босанған Жанарды анасы ашуланып, үйінен қуып, сәбиін балалар үйіне өткізуге мәжбүрлеген
Жамбылдық Әлия Қалқабайқызы Жанар есімді қызын соңғы рет бес жыл бұрын көрген. Айтуынша, қызы үйіне тоғыз айда бір келіп, босанған балаларын босағаға тастап ғайып болады екен, деп жазды KYN.KZ Еуразия арнасының «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасай отырып.
Кейуананың айтуынша қызы Жанар алғаш рет 13 жасында босанған, алайда өзі қызына ашулы болып, баланы қабылдамай перзетханада тастап кетуге кеңес берген. Сол уақыттан бері баланы іздеседе ешқандай хабар алмаған, таппаған.
Жүргізушінің қызыңызды қашан көрдіңіз деген сұрағына Әлия: «2018 жылы мамыр айында тағы екі баласының үстінде жұпыны киінген майка трусы басқа ешқандай киім жоқ. Сол уақытта келді», деп жауап қатты анасы.
Қәзір әжейдің тәрбиесінде қызының үш баласы бар. Бағдарламаға келгендегі мақсаты тарыдай шашылған жиендерін баурына басып асырау.
Осы уақыт аралығында Жанар балаларын іздеп үйіне ат ізін салмаған. Ал үлкен ұлы болса берген сұхбатында бірден «Ол менің анам емес. Соңғы рет 12 жасымда көргенмін. Әжеме әр баласын келіп тастай бергенге мен намыстанып кетемін. Мынадай әрекеттерінен кейін мен оны мама демеймін», деп ашылып айтты.
Ал келесі кезектегі Жанардың үшінші баласы 8 жасар Мүслім 2 сыныпта мектеп-интернатта оқиды екен. Бағдарламаға интернаттың директоры Жақсыгүл Сейдалықызы келіп баланың үлгерімі жақсы екенін айтып, Мүслімді анасы Жанар мен туысқаны Ақмарал әкеліп тастағанын айтты. Сондай-ақ сенбі жексенбі күндері баланы демалтуға үйлеріне алып кететінін жасырмады.
Алайда апаның айтуынша Ақмарал деген туысқандары жоқ. Жанардың тек туған әпкесі Гүлнар Дүйсенқызы бар екен. Гүлнар берген сұхбатында жақында ғана сіңілінің құлдықта жүргенін білгенін айтты.
Ал , Студия қонақтар Жанардің суретінен ауыр жұмыс істеп жүрген адамға ұқсамайтынын айтып, олар кейіпкер бәлкім сексуалды құлдықта болуы мүмкін деп ойларын ортаға салды.
Редакция ұжымы өзін туысқанымын деп таныстырған Ақмаралмен телефон арқылы байланыс орнатқан. Онда: «Құрбысын ана ретінде өте жақсы ішпейді, шекпейді, асқа талғампаз ұлы Мүслімнің барлық еркелігін көтереді. Жанар үйіне барса оны жақындары ұрады»,деп бар шындықты жайып салған.
Алайда анасы мен Жанардың сіңілісі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Жоғалған Жанарды табу үшін пәтерге полиция қызметкерлерімен бірге барған тілшілер келіншекпен сұхбаттасып қайтыпты. Көп күттірмей екі айлық нәрестесін қолына ұстаған Жанарда төбе көрсетіпті. Оның түсірілім тобын күтпегені белгілі.
Журналистер Жанарды бірден сұрақтың астынан алып барлық мәліметті білуге тырысты. Оның айтуынша қәзір наубайханада жұмыс істейді екен,күйеуі бір жарым жыл бұрын істі болып сотталып кеткен. Жұмыс кезінде қолындағы сәбиін туысқаны Ақмаралға тастап кетпек ойы бар екен. Сонымен қатар 6 баласы бар екенін айтып, бір қызы Наргиз жүрек талмасынан қайтыс болғанын да баяндап берді.
Ал әжесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, Наргизді балалар үйіне өткізген деп отыр. Жанар тағы да бір шындықтың бетін ашты 13 жасында ауылда жүргенде такси жүргізушісі оны зорлаған. Бірақ аяғы ауыр екенін өзі білмеген. Анасы мен әпкесі бұл жағдайды білмеген сыңайлы.
Эфир соңында Жанар студияға келіп бар шындықтың бетін ашты. Әңгіменің басын «Нарзгиздің тірі екенінен бастады.
"Сол уақытта жол апатына түсіп,есін жоғалтып алып, баланы қайда,қалай тастап кеткенімді білмедім. Біраз уақыт аруханада жаттым. Одан шыққаннан кейін еісімімді ауыстырдым Айша,Жансая, Динара және т.б. Бұған себеп болған сутинерда жұмыс істегенім.Секіріп өлейін деп жатқан кезімде, Ақтөбеде милициялар құтқарып қалды 3 этаждан. Олар бізді квартирада ұстады. Өздерімен бірге әкеледі,апарып тастайды. Киім ілгішпен таяқ жейтінбіз. Ал Алматыда жаңағы айтқан Ақмаралдың қол астында сексуалдық құлдықтамын. Документтерімді алып қойды. Балаларымның екеуін екі жақта ұстап отыр. Бұлай жұмыс істегеніме екі жарым жыл болды. Қашуға тырыссамда, ұрып-соғып тауып алады. Клиенттерге отказат етсен таяқ жейсің. Бояндырып, сыландырып парик кидіріп мәжбүрлейді» деп бар шындықтың бетін ашты.