Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Маңғыстауда мұғалімдер бір күндік еңбекақысын қиын жағдайда қалған түрік халқына аударды

Маңғыстауда мұғалімдер бір күндік еңбекақысын қиын жағдайда қалған түрік халқына аударды
ашық дереккөз
Мұндай қайырымдылықты бүтін бір облыс ұстаздары бірігіп жасады
Түркияда болған қайғылы оқиғаға орай білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева еңбекақысының бөлігін зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде аудару жөнінде шешім қабылдады, деп жазды KYN.KZ. Облыстың бас ұстазының бұл бастамасын басқарма қызметшілері, білім бөлімдерінің басшылары, облыстағы меншік нысанына қарамастан барлық білім  беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдер қауымы бірауыздан қолдап, бір күндік еңбекақыларын көмекке аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Caspiantoday.kz сайты Mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап. Бүгінгі таңда Түркия Консулдығы тарапынан ұсынылған есеп-шоттарға қаражат аудару басталды. Айта кететін жай, бұл шара ерікті түрде, қызметкерлердің өз шешімдерімен жүруде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар