Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Мақпал Жүнісова көпшіліктің алдында Алтынбек Қоразбаев әйелі бола тұра өзіне сөз салып, ғашық болғанын айтты (видео)

Мақпал Жүнісова көпшіліктің алдында Алтынбек Қоразбаев әйелі бола тұра өзіне сөз салып, ғашық болғанын айтты (видео)
ашық дереккөз
Жүнісова: Қазір енді жеңгеміс ренжімес, мен енді 60-қа келген адаммын дегендей
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Алтынбек Қоразбаевтың  75 жасқа толуына орай ұйымдастырылған концертке барып, екеуінің арасында болған бар құпияны ашып кетті, деп жазды KYN.KZ. Сахнаға ән орындауға шыққан Жүнісова  Алтынбек Қоразбаевты құттықтап тұрып, зал толы көрерменнің алдында "Бұл кісі кезінде маған ғашық еді" деп айтып салды. Әзіл- шыны аралас сөзге дәлел ретінде Қоразбаевтың Жүнісоваға арнап жазған "Мәңгілік махаббатым" әнін орындады. "Ертеректегі біздің жиырма жас кезімізде осы әнді Алтынбек аға осы әнді маған ұсынған еді. Сол кезде айтатын "Мен саған ғашықпын" деп. Бірақ енді жақындай алған жоқ. Өйткені жеңгемізден қорықты ма әйтеуір... "Сырттай ғашықпын, сырттай ғашықпын" деп жүретін. Сол кезде осы бір "Мәңгілік махаббатым" әнін саған арнадым деп алып келгені есімде. Қазір жеңгеміз қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен алпысқа келдім, ол кісі жетпіс беске келді деген сияқты. Сол кездегі жастықтың буымен жазылған әнді орындап берейін",- деді Мақпал Жүнісова концертке келген халыққа.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар