Басты жаңалықтар
Қазақстанның боксшы қыздары Мароккода 5 алтын медаль жеңіп алды
- автор kyn.kz
- 11 ақпан, 2023
- 397
Қазақстандық қызбар жалпы 10 медаль алды
Марокко елінде бокстан өтіп жатқан «GOLDEN BELT SERIES MARRAKESH 2023» («Алтын белбеу») халықаралық турнирінде Қазақстанның әйелдер құрамасы 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Чемпион атанғандар: 48 келі салмақтағы Алуа Балқыбекова финалда тайпейлік Лью Чен-Лингтті; 57 келі салмақтағы Карина Ибрагимова ресейлік Людмила Воронтцованы; 54 келі салмақтағы Жайна Шекербекова италиялық Алеан Савчукты; 50 келі салмақтағы Назым Қызайбай ресейлік Екатерина Пальцеваны; 75 келі салмақтағы Валентина Хальзова бразилиялық Вивиане Пирейраны жеңді.
Күміс медаль алған спортшыларымыз: Аида Әбікеева (63 кг); Ләззат Күнгейбаева (+81 кг).
Қола жүлде иеленгендер: Надежда Рябец (66 кг), Мадина Нұршаева (70 кг) және Фариза Шолтай (81 кг).
Марракештегі турнирде Қазақстан атынан барлығы 12 боксшы өнер көрсетті. Медальсіз қалған спортшылар: Жазира Орақбаева (52 кг) мен Владислава Кухта (60 кг).