Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Зейнеткер: Шымкентте мемлекет ақшасына "черная касса" ойнадық дегендер құтылып, ақша ұстамаған ұлым қамауда жатыр(видео)

Зейнеткер: Шымкентте  мемлекет ақшасына "черная касса" ойнадық дегендер құтылып, ақша ұстамаған ұлым қамауда жатыр(видео)
ашық дереккөз
Шымкент сотынан әділдік таппадым деген зейнеткер Астанаға барып немересін және өзін өртегісі келетінін айтты
Шымкент қаласындағы Art Sport бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаржыны талан- таражға салды деген айыппен  қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және  архивтер басқармасының бұрыңғы басшысы  Бақов Демеуғали 8 айдан бері тергеу абақтысында жатыр. Оның әкесі  Бақов Ертай мен заңгері  Әсел Абашова істі қарау кезінде өрескел заңсыздықтар болғанын айтып дабыл қағуда. Ол заңсыздықтарды Шымкент қаласы тергеушілері мен Бақов Ертайдың экс-әріптестері жасап отыр дейді заңгер мен сотталушының әкесі. KYN.KZ тілшісіне мән -жайды виде арқылы жіберген Бақов Ертай  президенттен көмек сұраудан басқа амалым қалмады дейді. Себебі, сот барысында істі тергеп- тексерген төрт тергеуші болыпты. Мемлекеттен бөлінген қаржы қай шоттан, қай шотқа жіберілгені бәрі көрсетіліпті.  Есепшілер әйеліне аударған үлкен көлемдегі қаржыларды "Гәп ойнадық" (черная касса) деп қайтарып берген. Сотталушы Бақов ешқандай ақша алмағанын айтып, бір тиын да қайтармаған. "Ұлым жұмысқа тұрған кезде бір аптадан кейін оның ізіне түсу басталған. Заңсыз аңдулар, сөзін тыңдау сынды жұмыстар жасалған.  Ақшаны ана шоттан мына шотқа аударып жүргендер куәларды қамап ұстап менің ұлыма қарсы куәгерлік бергізген. Кейіннен олар өздерінің амалсыз жалған куәлік етуге мәжбүр болғандарын қағаз жүзінде жазып берді. Бірақ ол құжаттар іске кірістірілмей отыр. Сол сияқты менің ұлымның ісінде заңсыздық пен өрескел қателіктер өте көп. Төрт баласы мен жұмыссыз әйелі сегіз айдан бері  моральдық, материалдық қиындықта отыр. Төрт немеремнің бірі мүгедек. Президент мырза, осы істің әділ шешім табуына көмек беріңізші. Әйтпеген жағдайда немеремді ертіпбарып, Астанада өзімді өртеу сынды әрекетке баруға мәжбүрмін. Бұл бассыздық екенін білемін. Бірақ, әділетсіз сот шешіміне шыдауға күшім жоқ",- дейді экс -  шенеуніктің әкесі Бақов Ертай. Ал, заңгер Әсел Абашова жемқорлыққа қарсы агенттік арызымен қаралып жатқан істе  заң қызметкерлері заңды өздері  бұзып жатыр дейді. "Алғашқы куәлар тергеу кезінде қысыммен куәлік еткендерін жазды. Бірақ ол іске қосылмай отыр. Істе 12 жыл бұрын болған жағдай бар. Бақов Демеуғалидың ол қызметте болмай тұрған кезде жасалған қылмысқа еш қатысы жоқ. Ол іс бойынша сот үкім оқып, кінәлілерге шара қолданылған. Бұл істің барлығы жала деген ойға қалып отырмыз. Бақов Демеуғалидың атына арнайы ұйымдастырылған, жала деп білеміз",-дейді заңгер Әсел Абашова. Бақов Демеуғалиға жалған айып тағылды дегендер сотталушыға түрлі ұсыныстар айтылғанын да жеткізді.  Ол ұсыныстар: "Сен мойындап кетсең шартты жаза аласың. Барлығымыз тынышталамыз. Осы іс бойынша сот барлығы тоқтайды" Енді Бақовтың әкесі мен заңгері Жаңа Қазақстанда әділдік орнаса екен деген тілекпен бар үміттерін ел президенті Қасым- Жомарт Тоқаевқа артып отыр екен. Толық ақпарат төмендегі видеода.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар