Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Әнші Ерболат сүйіктісі Шакизадамен өткен бақытты сәтін көпшілікке көрсетті (видео)

Әнші Ерболат сүйіктісі Шакизадамен өткен бақытты сәтін көпшілікке көрсетті (видео)
ашық дереккөз
Әнші Ерболат Ержанбаев әлеуметтік желіде сүйіктісімен түскен суреттерінен жасалған бейнеслайд жариялады, деп жазды KYN.KZ. Қазақстан шоу-бизнесінің аға буын өкілдерінің бірі, Шахизадамен көңіл қосқан Ерболат Ержанбаев кеш жолықтырған махаббатымен бүгінгі таңда бақытты көрінеді. Бейнеслайдтан қос ғашықтың құшақтасып, ал Ерболаттың сүйіктісіне емірене қарап тұрғанын байқайсыз. «Біреуден естігенше,өзімнің парақшамнан көргендеріңіз дұрыс шығар», - дейді әнші Ерболат. Бұл көрініске куә болған желі қолданушыларының бір тобы түсіністік танытып, екеуіне бақыт тілесе, қалған бөлігі даттап отыр. Тіпті қос әншінің бұлай көңіл жарастырғанын ақыр заманға теңегендер де бар. «Ақыр заман емей немене, үш ұлыңды тарбиелеп, әйеліңді мапелеп отырар шақта кемпірдің қол жаулығы болып, ессиз еркек деген осындай шығар», «Болды, мына еріккендер балдарымен жасты балдармен ұят жоқ болды-ау. Құдайдан қорықпағандар. Ұят вообще», «Боранды күні ит пен бала құтырады» деген, қартайғанда қылық шығаратындарыңызға таң қалмайтын болып барамыз», «Осы рас болса, Шакизадада вообще ми жоқ екен, ертең үш айдан кейін білмей қалыппен деп шығады. Алпысқа келгенде не деген байқұмар қатын», - дейді әншінің желідегі оқырмандары. https://youtube.com/shorts/spgrIR1BkmI?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар