Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«8 минутта аяғына тұрды» деген астаналық науқас әйелдің ауруынан айыққаны уақытша болып шықты (видео)

«8 минутта аяғына тұрды» деген астаналық науқас әйелдің ауруынан айыққаны уақытша болып шықты (видео)
ашық дереккөз
Өйткені әйел сол сәтте аяғына тұрғанымен үйіне барып жүре алмай қалған
Екі апта бұрын Еуразия арнасының «Айна» бағдарламасынан жарқ ете қалған Бақыт Рашидқызының қуанышы көпке созылмады. Емші елордалық тұрғынның омырқасындағы кінәратты жойып, 8 минутта аяғына тұрғызды деген ақпараттың жалған екенін науқас растады. Бұл туралы ол  KYN.KZ ақпарат агенттігіне хабарласып, болған жағдайды толық баяндап берді. 1 сеансының құны 400 мың теңгелік ем алған Бақыт ешқандай өзгеріс жоқ екенін мәлімдеді. Есесіне ауруы бұрынғыдан да күшейе түскен. Оның айтуы бойынша, түсірілім барысында аяққа тұрғанымен, үйде жүре алмай қалған. Емшінің емінен кейін жүріп кеткеніне өзі таң қалған. Бірақ оның күші көпке созылмаған. «Алғашқы күні сүйектерімді орнына салып жатыр екен деп қатты қуанып едім. 6 сеанс алдым. 2-3-сеанста обострение берді. Қазіргі таңда әлі ауруым жазылған жоқ. Жақында ота жасатуға кетемін. Ағаның қолында емі бар. Бірақ маған әсер етпеді. Журналистер менің өтінішім бойынша осы емшінің еміне мені жаздырып берді. Өйткені ол кісіні өзім тапқанмын. Бірақ, емі қымбат екен деп, қарана алмай жүргенмін. Арна журналистерін де кінәлай алмаймын. Олар қайта менің қалауымды орындап, осы кісінің емдеуін ұйымдастырып берді. Енді меннен емшінің номерін сұрап емделгісі келетіндер көбейіп кетті. Мен қалай оларды алдаймын? Басқа адамдар несие алып, тапқанын жұмсап, сан соғып қалмасын деген ниетте  тура қазір жүре алмай отырғанымды айтамын», - дейді келіншек. Арбаға таңылған келіншек енді ота жасатуды жоспарлап отыр. Өйткені өзін уақытша аяққа тұрғызған емші, толық жазылу үшін тағы 6 ай массаж алуы керектігін айтқан. "Мен маған жасалған массажды қатты ауырсынамын. Шыдау мүмкін емес. Ондай ауырсынуды массаж арқылы жасау адамды қорлаумен тең дер едім. Шыдамаймын. Осыған дейінгі ауырсынуларды да сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Мен тіпті қолымды арқама тіремесем дұрыс отыра алмаймын. Мұның барлығын неге айтып отырмын дерсіздер. Менің қалауым сол теле сюжеттен кейін адамдар маған сол сәттегі жағдайға сеніп, ақшаларын құртпаса екен деген ой.  Мен тіпті сол кезде жүріп кеткенім мәңгілік екен деп аяғы ауыратын туысыма "дереу жет" деп асығыстықпен шақырып үлгердім. Кейіннен, "келме" деп хабарластым. Өзім жаныммен алысып жүргенде өзге науқастарды да түсінемін. Журналистер мен арна қызметкерлері де өзім сияқты сол сәттегі аяққа тұрғаныма сеніп қалды деп ойлаймын",-деді келіншек. https://youtube.com/shorts/BClynAE94QA?feature=share
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар