Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шораев Лукашенкоға жауап қайтарды: Украинаға қарсы соғысқың келсе балаңды ертіп өзің бар!

Шораев Лукашенкоға жауап қайтарды: Украинаға қарсы соғысқың келсе балаңды ертіп өзің бар!
ашық дереккөз
Арман Шораев Қазақстанды ҰҚШҰ құрамынан жедел шығару керектігін айтты
Қоғам қайраткері, белгілі журналист Арман Шораев ҰҚШҰ елдері Украинадағы соғыс кезінде шетте қала алмайтынын айтқан Беларусь президенті Александр Лукашенкоға жауап қайтарды. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен кездескен Александр Лукашенко ҰҚШҰ-ға мүше елдердің алдында жаңа «міндеттер» тұрғанын айтқан еді. "Егер кімде-кім Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс біздің қақтығыс емес, бұған біз араласпаймыз деп ойласа, ол ойынан ешнәрсе шықпайды. Белгілі бір ұстанымды қабылдайтын уақыт келеді. Мен ұлттық мүддеге немесе т.б. зиян келеді деп айтып отырған жоқпын. Бірақ біздің барлық кемшіліктерімізбен бірге әрекет ету үшін біз өз саясатымызды, бағытымызды нақты анықтауымыз керек. Біз бірге болсақ, барлығы оңай әрі ұтымдырақ болады", – деді Лукашенко. Арман Шораев Беларусь президентіне үндеу жасап, ҰҚШҰ ұйымы туралы пікір білдірді. "Біздің еліміздің бұл ұйымнан шығудан басқа амалы қалмады деп ойлаймын. ҰҚШҰ – диктаторлар клубы. Лукашенко Ресейдің тас-талқан болып жеңілетінін, кейін Путин екеуінің сот залында отыратынын түсінеді. Осылайша, ҰҚШҰ хатшысы Иманғали Тасмағамбетовке бұл жағдайда Қазақстанның қалай әрекет етуін түсіндіргісі келеді. Тыңда, Лукашенко, ҰҚШҰ ұйымы алдағы 2 жылда тарап кетеді. ҰҚШҰ құрамында аймақ мәселесіне қатысты қақтығысқан елдер бар. Қырғызстан мен Тәжікстанды мысалға келтіруге болады. Армения мен Әзірбайжан арасындағы таласта ҰҚШҰ қайда болды? Ештеңе істей алмады. Путин тығылып қалды. Лукашенко, Путин бірде-бір қазақ баласы сендер үшін қан төгуге бармайды. Лукашенко, Путлер-Гитлер үшін өз балаңды ертіп алып соғысқа бар, қазақтарға тиіспе. Қазақтар соғысқан жағдайда Украинаға болысады, – деді Шораев. Дереккөзі:Orda.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар