Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Орысша сөйлейтін Даниал Ахметовке не керек»: Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай депутаттарды Риддердегі қазақ мектебінің апатты ғимаратын жөндеуге шақырды

«Орысша сөйлейтін Даниал Ахметовке не керек»: Журналист Нұрсейіт Жылқышыбай депутаттарды Риддердегі қазақ мектебінің апатты ғимаратын жөндеуге шақырды
ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысында орналасқан Риддер қаласында жалғыз түйір қазақ мектебінің ғимараты апатты жағдайда тұр. Бұл мәселені тілші Нұрсейіт Жылқышыбай әлеуметтік желіде қозғап, болашақ депутаттарға Риддер қаласына жөндеу жұмыстарына баруға ұсыныс білдірді, деп хабарлайды  KYN.KZ ақпарат агенттігі. Журналистің айтуынша, Риддерде орналасқан 16 мектептің тек біреуі қазақ мектебі. Осыдан он жыл бұрын апатты деп танылған мектептің қабырғасы 85 жыл бұрын қаланған. «Депутат боламын деп жүрген кандидаттарға шығыс Қазақстандағы Риддер қаласына бар дер едім. 56 мың адам тұратын қалада  бір-ақ қазақ мектебі бар. 1936-58 жылдары салынған ғимаратта отыр. Осыдан он жыл бұрын апатты деп танылған. Бірақ бәріне бәрібір.  2005 жылдан бері халық жаңа мектеп сұрап шырылдап жүр. Оларды ешкім естімейді. Орысша сөйлейтін Даниал Ахметовке не керек? Миллионер баласы баяғыда мектепті бітірген. Риддерде 16 мектептің біреуі ғана қазақ тілінде білім береді. Жағдайы масқара. Қазақ өз елінде диаспораның күнін кешіп жүр. Қатты айтты демеңіздер, маған осы қазақтың проблемасы қазақ жойылып кеткенде шешілетін сияқты. Қазақша сөйлеп, қазақша ойланады деген байларымыздың сыйқы белгілі. Ас өткізіп, аяқ босатқаннан ары аспайды. Бір мектеп салса сауабы да, пияры да болады ғой.  Түркияға көмектескен жақсы ғой. Бауырымыз. Алайда апатты ғимаратта қарагөз балаларымыз қашаңғы үрейде оқу керек. Ертең бармақ тістеп қалмайық. Бұл жамандық шақыру емес», - дейді ашынған тілші. 16 жылдан бері 500-ден аса оқушы мен 100-ге жуық ұстаз қирағалы тұрған ғимартта отыруға мәжбүр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар