Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының күшi жойылды деп тану туралы" заңға қол қойды.
Былтыр парламенттің екі палатасы да заңның күші жойылды деп тануға дауыс берген болатын.
2022 жылдың маусымында Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар күшіне енді. Оны өткізілген референдум қорытындысы бойынша азаматтар қолдады. Өзгерістер арасында Нұрсұлтан Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелерін бірқатар артықшылық пен кепілдіктен айыру да болды. Енді олар бұл артықшылықтардан ресми түрде айырылды.