Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркия еліндегі зілзаланы алдын ала ескертпек болған шымкенттік ер адамды көпшілік мазақ еткен

Түркия еліндегі зілзаланы алдын ала ескертпек болған шымкенттік ер адамды көпшілік мазақ еткен
ашық дереккөз
Шымкент қаласының тұрғыны Абай Пішенбаев Түркияда болған зілзаланы ескертпек болғанын, алайда өзін ешкім тыңдамағанын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ. Жергілікті жұрт оны «пайғамбар» деп атаса, 60 жастағы қария өзін «Алла Тағаланың жер бетіндегі хабаршысымын» дейді. «Мен пайғамбар емеспін. Олай жаңылыстыруға болмайды. Мен тілегі қабыл болған пендемін. Алла Тағаламен күнде тілдесемін. Көңілім құлазып тұрса, өзі мені жұбатады. Алла Тағала «мына жерге бар» дейді, барамын. Тыңдамаса да, айтамын. Орындай ма, жоқ па, өз еркі», -  дейді Пішенбаев. Оның айтуынша, оған Алла өзінің қалауын жер бетіне жеткізіп отыруды тапсырған. «Бірде менен: «Қанша жыл өмір сүргің келеді, – деп сұрағанда, – бұл уақытша өмір болса, пайғамбар жасына жетсем болды, – деп едім, – жарайды, сол уақытқа дейін айтқанымды жер бетіне жеткізіп жүресің», – деді. Маған үнемі «хабарымды жеткіз» деп тұрады». Жер бетіндегі «Алланың хабаршысы» Жаратушының өзіне сыр ақтарғанын да жасырмады. «Адамдарға қандай пайғамбарды жіберсем де, «Қиямет қашан болады? Қашан пейішке барып, рахат өмір сүреміз?» деген сұрақ қояды. Сол кезде адамдардың алдына сені шығарып: «Мен мына кісіні хабаршы ретінде жібердім. Ол үнемі «Қияметке дайындалыңдар! Бір-біріңе жақсылық жасап, сауапты іс істеңдер!» деген хабар айтып жүрді. Дәл солай айтты ма, айтты. Бірақ сендер оны «жынды, ауру» дедіңдер. Алланың адаммен сөйлесуі мүмкін емес» деп күмән келтірдіңдер деймін» деген». Пішенбаевтың сөзіне сенсек, Алла оған Түркияда болған жер сілкінісін де ескерткен. Алайда жұрт оның сөзін елемей, күлкі қылған. «Түркиядағы жер сілкінісі туралы да айтты. Мен оны кімге айтамын? Ешкім тыңдамайды. Тым болмаса, телеарнадағы бағдарламаға қатысып айтайын деп едім, мені жынды етіп, «Құдай қазақша сөйлей ме екен» деп мазақ қылды», - дейді қария.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар