Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Таразда инфаркт ала тұра жедел жәрдемге хабарласқан әйелді мас деп елемеген диспечер жұмысынан қуылды

Таразда инфаркт ала тұра жедел жәрдемге хабарласқан әйелді мас деп елемеген диспечер жұмысынан қуылды
ашық дереккөз
Диспечер науқасқа "сіз ішіп алғансыз ба?" деп бірнеше қайталап сұрақ қойып, дереу көмек бермеген
Таразда жедел жәрдем диспетчері жұмыстан шығарылды.  Ол телефон арқылы инфаркт болған әйелді маскүнем деп қателесіп, салдарынан науқас медициналық көмек ала алмай қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 46 жастағы Людмила Остапенконың туыстары медицина қызметкерлерімен болған диалогтің тыңдап, кінәлілер оңай құтылып кеткенін сөз етті. - Остапенко Людмила. Тыныстай алмай отырмын. - Алкоголь қабылдадыңыз ғой, иә? - Жоқ, қайдағы алкоголь? Сізге айтып отырмын ғой, менде аневризма. - Алло. – Мен ішпеймін! Маған кардиобригада жіберіңізші. - Жақсы, сіздің шақыруыңыз қабылданды. Күтіңіз. - Иә, қанша күтуім керек сонда!? Марқұммен тілтескен диспетчер жұмыстан босатылып, қалған екі диспетчер, сондай-ақ диспетчерлік қызмет басшылары мен бас дәрігердің екі орынбасары қатаң сөгіс алды. «Біз бұл істі соңына дейін жеткізгіміз келеді. Прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз бар деп тапқандықтан, оны әрі қарай жалғастыру керек деп санаймын. Бірақ тергеуші бізбен байланысқа шықпады. Біздің ойымызша, олар бұл істі әдейі кешіктіріп отыр, өйткені кез келген қылмыстық істің өз мерзімі бар», - деді марқұмның әпкесі Ирина Шаевская.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар