Басты жаңалықтар
Астанада автобус жүргізушісінің көлік жүргізу барысында порно көруіне қатысты Полиция департаменті пікір білдірді
- автор kyn.kz
- 17 ақпан, 2023
- 634

Бұған дейін елордада қоғамдық көлік жүргізушісінің жұмыс барысында порно көріп автобус жүргізіп бара жатқан бейнежазбасы тараған еді. Онда жүргізуші автобуст рулінің қасына телефонын іліп қойған. Ал телефоннан жалаңаштанған адамдар көрінген.
Полиция департаменті жағдайға түсініктеме берді, деп хабарлайды KYN.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасай отырып.
«56 жастағы жүргізуші өзінің ерсі қылығы үшін ӘҚБтК-нің 591-бабының 1-бөлігі, ҚР ЖҚЕ 2.4.9-тармағы «Жүргізушінің көлік құралын басқару кезінде телефонды не радиостанцияны пайдалануы» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, құқық бұзушыға қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жиналған материал шешім қабылдау үшін әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025