Басты жаңалықтар
Әкімнің сөзі елдің ашуын туғызды: Шымкентте әкім мен полицияның көзінше кішкентай қызды ит талай жаздады (видео)
- автор kyn.kz
- 17 ақпан, 2023
- 933
Шымкентте жұрт жиналып әкімге қаңғыбас иттер мәселесін айтып тұрған сәтте тағы бір баланы ит талай жаздады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауыл әкімі мен полиция қызметкерлерінің көзінше болған жағдайдан жергілікті тұрғындардың зәресі қалмады.
«Біз ветеринария қызметіне жіберіп, ит аулау бойынша тез арада жұмыстарды жүргіземіз. Иттерді сатып жүрген адамдарды тексеру, иттерді тіркеу мәселесі бойынша да мамандар жіберіледі», - дейді әкім.
«Күнде бұлай болмайды. Кейде қауып алады», - деді ит шабуылдаған Кәусар есімді оқушы қыз.
Оқушының шошынған жағдайын көрген әкім одан кешірім сұрап, мәселенің тез арада шешілетінін айтты.
«Болған жағдай үшін кешірім сұраймыз. Бірақ ол бойынша тиісті жұмыстар жүргіземіз».
https://youtu.be/dwLLA2NZn8w
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Шымкентте белгілі асабадан есірткіге ұқсас заттар тәркіленді
- авторkyn.kz
- 25 қыркүйек, 2026




