Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Баян Мақсатқызы: Шоу-бизнес өкілдері мені жиындарға шақырмай, тіпті амандаспай қойған кездер болды

Баян Мақсатқызы: Шоу-бизнес өкілдері мені жиындарға шақырмай, тіпті амандаспай қойған кездер болды
ашық дереккөз
Баян Мақсатқызы  Динара Сәтжанның ютуб арнасына берген сұхбатында  күйеуімен болған жағдайдан кейін тура мағынасында түксіз қалғанын айтқан. Тіпті белгілі продюсер Қазақстандағы шоу-бизнес өкілдері оған қырын қарап, ешқандай жиынға шақырмай, көре қалса теріс бұрылып амандық сұраспайтын жағдайға жеткен, деп жазды KYN.KZ  тілшісі. "Кез келген жаңалық шулы болған күннің өзінде үш күн талқыға түсетін, менің жағдайым үш жылға созылды. Меннен барлық затымды алып алды. Жұмысқа келсем  әртістерім тарап кеткен. Бірінен кейін бірі күйеуге шығып кетті. Жұмыс істеуіме кедергі көп болды. Қоғамның өзім жүрген ортаның қысымына қалдым. Ортақ жиындарға шақыруды қойды",-  дейді Баян Алагөзова. Сөзінше ол айналасының қысымын бала күнінен көріп келеді. Сондықтан соңғы жағдай аса ауыр соқпаған. " Бірақ ол кезде себептер басқа еді. Мен ортадағы ең жарқыны едім. Тіпті университетте оқудан шығарып жіберген сәттер болды. Ол кезде бір мұғалімге менің ұзын кірпігім ұнамапты",-  деп мысқылдай күлді продюсер. Ол өзінің қазіргі халге жетуіне күйеу Тұрсын Алагөзовтың қолдауы күш берді деп есептейді. "Мені махаббат құтқарды десем әдеттегі ертегі әңгімесі ретінде естілер. Бірақ бұл рас. Менің үйімді, көлігімді, жұмысымды тартып алып түксіз қалған кезім есімде. Қаржысыз қалдым. Қызым оқу ақысын сұрап хабарласқан тұста  менде қаржы жоқ еді. Күйеуімнің кәсібін тартып алу әрекеттері болды сол аралықта. Сол кезде  "мен не үшін тірі қалдым?" деген ой жиі мазалайтын. Тұрсын "Біздің арманымыз бірге болу еді ғой? Міне біргеміз. Басқасы әлі болады" деп қолдады. Расымен, өмір сүруіме он пайыз мүмкіндік болды. Денсаулығым үшін қанша жүгірдім, емделдім",-деді актриса сөзінде.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар