Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда жылдамдықты асырды деген баппен эвакуаторға тиелген актокөлікке айыппұл салынды

Қостанайда жылдамдықты асырды деген баппен эвакуаторға тиелген актокөлікке айыппұл салынды
ашық дереккөз
Эвакуаторға тиелген актокөлікке жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды KYN.KZ Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Аталған жағдай 12 ақпан күні болған. Көлік иесінің берген мәліметінше, әйелге жылдамдықты асырғаны үшін екі рет айыппұл салынған. Алайда жол қозғалысы ережесін бұзды деген уақытта көлік бір нүктеден екінші нүктеге тасымалдайтын эвакуатордың үстінде болған. Оның үстіне, бұны камераның өзі де түсіріп алған. «Түбіртекте көлік бірінші айыппұлда сағатына 13 шақырымға, екіншісінде 12 шақырымға жылдамдықты асырғаны көрсетілген. Әрбір тәртіп бұзу үшін айыппұл 17 250 теңге болады. Бұл ретте айыппұлды 50 пайыздық жеңілдікпен төлеуге болады. Онда сома 8625 теңге болады», - деп жазды басылым.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар