Басты жаңалықтар
жалғызбасты ана: Өзімді де, баламды да өлтіргім келді
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2023
- 249
«Өзімді де, баламды да өлтіргім келді». Ауыр кезеңді бастан кешірген жалғызбасты ана өткенін осылай еске алды. Махаббатқа мас болып, жігіттің арбауына алданған әйел қазір «Аналар үйінде» тұрады. Елімізде осындай 21 орталық бар.
Бұл туралы KYN.KZ сайты Астана арнасының жаңалықтар қызметіне сілтеме жасай отырып жазды.
Өзін Айдана деп таныстырған әйелдің «Ана үйінде» тұрып жатқанына үш ай болды. Ол сүйген жігітінен екіқабат боп қалған. Алайда, баланың әкесі ғашығының жүкті екенін естіген сәтте теріс айналады. Жалғанда жалғыз қалған ана барар жер, басар тауым болмағаннан кейін осы орталыққа келдім – дейді. "Балконнан секіріп өлсем, может бәрі жақсы болатын шығар. Өзім өлсем, ішімдегі бала да өліп кететін шығар деген ой келді. Балконнан, шыны керек, ашып қарап тұрдым балконнан секіруге. Ешқандай өкінішім жоқ. Наоборот менде қазір қуаныш. Жалғыз емеспін, сүйенішім бар. Осы жігітке қарап мен жоспарлаймын алда не болатынын",– дейді "Аналар үйінің" тұрғыны Айдана. «Аналар үйі» барлық өңірде бар. Онда қазір 200-ден астам адам тұрып жатыр. Яғни, осынша жан өмірдің қатал сынағына төтеп беруде. Алайда, тағдыры бөлек, тұрағы бір жандар мұнда 6 ай ғана тұрады. Одан кейін өз күндерін өздері көруі керек. Маша есімді бұл келіншек те бұрын осында тұрыпты, уақыты келгенде кетуге тура келген. Енді тек қонақ боп келеді. "Мадина жұмыс істейді. Мен екі баламен отырамын, балаға қарап. Анау-мынау керек болса, ол маған көмектеседі. Мен оған көмектесемін",– дейді қала тұрғыны Маша. Гүлнар Шакирова осында істейді. Он жылда неше түрлі тағдыр көрдім дейді. "Алданып қалады. Жігіттер тастап кетеді. Еркектер жауапкершілігі төмен. Мен әлі үйлене алмаймын. Менің оқуым бар, менің сабағым бар, кредиттерім бар, әке-шешем не айтады, сені қабылдамайды деген сөздер болады. Содан кейін әйелдер ауылға қайтуға да ұялады. Ұят деген бар, мамам, папам ұрсады деп екі ортада осылай қалып қалады, не істерін білмей",– дейді "Аналар үйінің" координаторы Гүлнар Шакирова. Қазір алдамшы сезімнің көлеңкесінде қалып қоятын қаракөз қыздарымыз жоқ емес. Қолымен істегендерді мойнымен көтере алмайтын ер азамат саны артып барады. Жазығы жоқ сәби жапа шекпеуі үшін қыз бен ұлдың тәрбиесі тал бесіктен басалатынын ұмытпасақ екен.