Басты жаңалықтар
Үш күндік сәбиін сатпақ болған әке: 2 млн. теңгемен несиемді жаппақ болдым
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2023
- 380
Бұл отбасының қалада өз аттарында пәтері бар
Алматыда перзентханадан шыға сала сәбиін саудаға салған ерлі-зайыптылар, баласын сатқан қаражатқа несиелерін жаппақ болған. Бұл туралы Алматы полициясы хабарлады. Отбасындағы үшінші баласын 2 миллион теңгеге саудалап жатқан кезде қолға түскендер қылмысын осылай ақтамақ болған. Бірақ жас отбасының өз баспаналары бар, әлеуметтік жағдайы нашар жанұяға жатпайтын көрінеді, деп жазды KYN.KZ 31 арна жаңалықтарына сілтеме жасап.
Бұл бала сату дерегіне қатысты Алматыда тіркелген биылғы жылғы бірінші жағдай. Өткен жылы жаңа туған сәбиді саудалауға қатысты бір ғана қалада бес бірдей қылмыстық іс тіркеліп, ашылған. Таяуда ғана Таразда екі бірдей медицина қызметкері жаңа туған шақалақты бір жарым миллион теңгеге сатып жатқан жерінен қолға түсті. Екі акушер қазір қамауда. Құндақталған күйі тағдыры саудаға түскен сәбилерді сату бизнесінде жас босанған әйелдер қандай рөл атқарған? Әлде, баласын мәжбүрлі түрде сата ма?
Бұл сауалға жауап іздеу үшін - осыдан бірнеше жыл бұрын 22 сәбиді саудаға салған ақ халаттыларға қатысты іске де қайта үңілдік. Заңгерлерді сөзге тарттық. Әлеуметтанушы мамандарға да жүгіндік. Себебі мамандар, әлгіндей кредит үшін бала сатқандар секілді өз қылмысын - әлеуметтік жағдайымен ақтап алу қалыпты жағдайға айналып кетпесе, - деп алаңдаулы.
Үш күндік баласын сатпақ болған әке қамауда. Ал баланың анасы қаладан шықпау жайлы қол хаьпен үйіне жіберілген. Енді ерлі- зайыптылар осы үшін 12 жылға дейін сотталуы мүмкін.