Басты жаңалықтар
Роза Рымбаеваның көптен күткен тұңғыш немересі дүниеге келді
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2023
- 962
Роза Рымбаеваның жанұясында жағымды жаңалық. Санаулы сағат бұрын Халық әртісі әже атанды. Бұл жайында Роза Рымбаеваның өнердегі әріптесі әрі әнші Ерлан Көкеев өзінің жеке парақшасында жариялап, көпшіліктен сүйінші сұрады.
"Құттықтаймыз! Роза Рымбаева немерелі болды",— деп жазды Ерлан Көкеев.
Соған қарағанда Халық әртісінің үлкен ұлы Әли Оқапов пен келіні Ақерке Бүркітбай алғаш рет ата-ана атанып, Роза Қуанышқызы немерелі болғанға ұқсайды.
Алайда дәл осы қуанышты хабарды Роза Рымбаеваның өзі де, ұлы мен келіні де желіге жариялаған жоқ. Жұлдызды жанұя жағымды жаңалықты жасырын ұстауды жөн көрген сияқты.
Айта кетейік, Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерген еді. Бірақ жұлдызды жұп әлі күнге дейін жеке өмірлерін жұрттан жасырын ұстайды
дереккөзі: exk.kz