Басты жаңалықтар
1 балалы әйел: Күйеуіммен ажырасқаннан кейін жүкті екенімді білдім, алдырып тастағым келеді
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2023
- 364
Әйел: Жүрегі соғып тұрған баланы өлтіруге қолым бармай тұр
Құрсағында жеті айлық баласы бар келіншек материалдық жағдайға байланысты түсік тастауға өз еркімен барғысы келеді. Бірақ, судың да сұрауы бар дегенді ойлап, күнаға батудан қорқады. Біра, еш күнәсі жоқ періштеге бала бақытын бере алмаймын ба деген қорқынышы басым.
"Есімім Асель. Амалы таусылған адам не істерін білмейді екен. Мен осы уақытқа дейін басымдағы жағдайды ешкімге ашып айта бермеуші едім. Жолдасымнан кеткеніме 1 айдан асты. Отбасы болмайтынымызға көзіміз нақ жеткен соң ажырастық. Кеткенімнен көп өтпей аяғымның ауыр екенін білдім. 1 балам бар 2 жаста. Қазіргі уақытта іштегі бөпем 7 апта шамасында. Басым қатып отыр, алдыртайын десем Аллаһтың қаһарынан қорқамын. Алдыртпайын десем қазір пәтер жалдап жүрмін баламмен.
Әке-шешем о дүниелік болғандықтан өз төркініме сыймаймын, мына жағдайда тіпті. Екі баланы кейін жалғыз өзім қалай асыраймын. Қазірде жұмыстағы кей жағдайларға байланысты үйдемін. Келесі ай қайта шығамын. Бірақ ол бала-бақша ақысы, үй ақысы, тамақ, жүріп-тұру, киім-кешекті ақтамайтын айлық. Тағы 5-6 ай істеп декретке кетсем ары қарай не болмақ? Жөргекақы, баланың бір жасына дейін төленетін жәрдемақымен қашанғы өмір сүрерміз, ары қарай ше?
Жолдасымнан көмек болмасын білемін, алиментті дəл уақытында ала алмайтыныма көзім жетеді, содан оған сенбеймін. Бауырларымның əрқайсысының өз отбасылары, бала-шағасы бар, олардан да көмек күтпеймін.
Кеңес беріңіздерші, не істейін? Менің күйімді басынан кешіп жеңіп өткендер бар ма? Баламды алдыртқым келмейді. Бірақ қорқыныш жеңіп барады.
Жолдасыма енді қайтпайтыныма сенімдімін. Қалай болады?Жылап отырып жазып отырмын. Анам қайтқанына 1,5 жыл болды. Ол кісі болғанда қор қылмас еді.Қазірдің өзінде нанға тиын таппай қалып жүрген күндеріміз де бар. Қайтемін? Бұл дүниенің қиыншылығынан қашып арғы дүниеде азабын тартамын ба деп қорқамын. Ақыл беріңіздерші",- дейді келіншек.
KYN.KZ сайтынан келіншекке Ана үйіне барып көруді ұсындық. Өйткені әр қалада Ана үйі бар, ол жерде бала бір жасқа дейін тұруға болады. Жатын жай, тамақ тегін.