Басты жаңалықтар
Алматылық бойжеткен: Әкем маскүнем, жанұямыздың жағдайы жұпыны болғандықтан жігітпен танысуға да қорқамын
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2023
- 243
25 жастағы қыз ата-анасының бақытсыз өмірін қайталаудан қорыққандықтан тұрмысқа шығуға да қорқатынын айтты
KYN.KZ ақпарат агенттігіне 25 жастағы қыз ата-анасымен қирағалы тұрған үйде тұратынын, жігіттермен кездесуге ұялатынын айтып, мұңын шақты. Бойжеткеннің сөзінше, көпшілік тұрмысқа шығудан қашан қыздарды айыптайды, түсінуге тырыспайды. "Қыздар жігіттен қашса оның да себебі бар. Кім бақытты болғысы келмейді дейсіз? Отбасында көрген қорқыныш, өз басымда болып қалмасын деген сақтық бұл" дейді қыз.
«Күйзеліске түскен қыздың оқиғасын оқыдым. Менің де жағдайым осыған ұқсас. Алайда оның себебін білемін. Ауыр жұмыс, маскүнем әкеммен арадағы жанжалдан жеке өмірім жоқ. Ақша да жетіспейді. Жасым болса 25-те. Ашығын айтқанда, ата-анаммен "қорада" тұрып жатырмын. Жеке жер үйіміз бар. Ол мүлдем қоршалмаған, әрі үйдің ішіне дұрыс жөндеу жүргізілмеген. Мен жігіттермен кездесуден қашып жүрмін. Себебі, үйімнен ұяламын. Барлық жігіт қызды үйіне дейін шығарып салады ғой», - дейді ол.
Ол өнегелі отбасы мұндай үйде тұрмайтынын, ал әкесіне арақ пен теледидардан басқа ештеңе қажет емес екенін жазыпты.
«Әкем арақ ішеді. Ол менің тұрмысқа шығатынымды ойлаймайды. Күйеу жігітті қалай үйге кіргіземін? Үйдің шаруасы анам мен менің мойнымда. Біз барлығына жауап береміз. Екеуміздің жалақымыз 150 мың теңге. Ол ақша неге жетеді? Анам бұрыннан үйден кетіп қалғысы келетінін айтады.Бірақ баратын жері жоқ», - деп ашынады жас қыз.
Сонымен қатар желі қолданушысы үйді жөндеу үшін тағы кредит алу қажеттігін қынжыла жазды. «Үйді жөндеу үшін кредит алу керек. Кейін тағы да ақша жетпейді. Барлығы қайталана береді. Мен сосын танысқан жігітке әлі төлейтін несием бар деп қалай айтамын? Одан қалды анам мен әкемнің ерлі-зайыптылық өмірін көргеннен кейін қорқамын. Әкем сияқты ер адам кездесіп, денсаулығымды, өмірімді құртар болса қайтемін? Өмір бойына елден тығылып анам сияқты түнде жылап өткіземін бе өмірімді. Қазір әр адымды басарда қорқатын болдым», - дейді бойжеткен.