Басты жаңалықтар
Ақтауда есірткі сатумен айналысқан РФ азаматы құрықталды
- автор kyn.kz
- 20 ақпан, 2023
- 180
Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасына 14 ақпан күні жедел ақпарат келіп түскен. Ақпарат негізінде басқарма қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтау қаласы 5 ықшамаудан аумағында есірткі затын сатумен айналысады деген күдікпен 20 жастағы РФ-ның азаматын ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ.
Тексеру жүргізу барысында күдіктінің қалтасынан 2 дана изолентаға оралған синтетикалық есірткі тәріздес ұнтақ, тәсбих, діни кітап, жалдамалы пәтерінен арабша жазылған діни парақша мен араб тіліндегі әдеби кітап табылды.
Аталған іс СДТБТ-де ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді. Бүгінде қозғалған қылмыстық іс шеңберінде тиісті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Маңғыстауда астан уланған балалардың саны 141-ге жетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 8 қыркүйек, 2024