Басты жаңалықтар
Қайтыс болған әпкесінің күйеуінен ұлды болған шымкенттік келіншек жездесінің ұлын мойындамай отырғанын айтады
- автор kyn.kz
- 18 ақпан, 2023
- 595
Шымкенттік Ақтолқын Босмұратова ұлын жездесінен көтергенін айтып жұрттың жағасын ұстатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме беріп.
Туған әпкесі 10 жыл бұрын қайтыс болған Ақтолқын жиендеріне жаны ашып анасының жоқтығын білдірмеуге тырысып баққан. Алайда жездесінің өзіне осындай айуандық жасайтыны оның үш ұйықтаса түсіне кірмейтін жағдай еді. Қазір екінші сәбиін күтіп отырған ол құрсағындағы шарананың да жездесіне тиесілі екенін жеткізді.
Бірақ әпкелі-сіңлілерді алған еркектің желігі әлі басылмаған сыңайлы. Себебі қазір оның басқа әйелі бар екен. Тағы бір келіншек әпкесінің өліміне күйеуін, яғни Ақтолқынның жездесін кінәлайтынын жасырмады. Енді өзінің өміріне де алаңдаулы, себебі баласының әкесі оған талай рет қол көтеріп, қылқындырып тіпті пышақпен жүгірген көрінеді.
Ақтолқынның бағдарламаға келгендегі басты мақсаты – ДНК сараптамасын жасатып, ұлы Ахметтің жездесінен екенін дәлелдеу.
Екі қызын да бір ер азаматқа берген Ақтолқынның анасы Төленқыз Қалденқызы: «Мен негізі осы уақытқа дейін бұлар тату болып кетсе екен деп ойладым, себебі үлкен қызымнан 3 бала екіншісінен жақында екі бала болады. Бәрібір балаларға ата-ана керек. Болар іс болды енді. Араларына түспедім. Екеуі де бір әйелдердің кесірінен ұрыса береді. Араларына әйелдер түседі»,-деп ойын ашық айтты.
Анасы да үлкен қызының өліміне күйеу баласын кінәлайды. Себебі оның айтуынша үлкен қызы мен күйеу баласы 16 жыл бірге тұрған. Аптасына екі рет міндетті түрде таяқ жеген. Сау тамтығын қалдырмай көк ала қойдай етіп сабап тастайтын болған. Қыздың өліміне де осы күнде көрген соққылары себеп болуы мүмкіндігін айтты.
Бірнеше келіншекті бірдей әйел етіп отырған Қайрат Аяпов Ахметтің өз ұлы екеніне күмәнданады.
«Әпкесімен тұрғанда жас болдым, көп қателік жасадым. Ол асылып қайтыс болды. Оның өліміне де мені кінәлап отыр. Бірақ тексеріс барысында бәрі таза болып шықты. Балдызыма өзім бірге тұрайық деп ұсыныс жасадым, екі жылдай бірге болдық. Туған жиендері ғой, анасындай қамқор болады. Мен де содан кейін бала-шағаны ойладым. Екеуміздің ортақ баламыз Ахметтің менің ұлым екеніне күмәнім бар. Бірақ бала менен болса, алимент төлеуден қашпаймын», - деді ол.
Жасалған ДНК сараптамасының нәтижесі Ахметтің әкесі 99,9 % Қайрат Аяпов екенін көрсетті.