Басты жаңалықтар
Солтүстік Қазақстан облысында жол бойынан мәйіт табылды
- автор kyn.kz
- 21 ақпан, 2023
- 443

19 ақпан күні сағат 14:00 шамасында СҚО Айыртау ауданының полиция бөлімшесіне Янко бекетінен Ғ.Мүсірепов ауданы Жаңасу ауылына қарай 45 жастағы ер адамның кеткені туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды KYN.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Полиция қызметкерлері, құтқарушылар, еріктілер мен жергілікті тұрғындар арасынан іздеу іс-шараларын өткізу бойынша үш жедел-іздестіру тобы құрылды. Сыйымдылығы үлкен көлік пайдаланылды. Тағы бір топ атпен жүрді», - деп мәлімдеді полиция.
20 ақпан күні Жаңасу ауылынан 3 шақырым жерде жоғалған ер адамның қар басқан денесі табылды. Мәйіттің денесінде зорлықпен өлтіру белгісі жоқ. Адам өлімінің нақты себебі медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады. Процедуралық тексеру жүргізіліп жатыр.
Келесі мақала
Павлодарда қазандық жарылып, екі адам зардап шекті
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Басты жаңалықтар
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025