20 ақпан күні сағат 16:26-да «Blue Star PV» ЖШС қазандық ғимаратында газ-ауа қоспасының жарылуы болды. Жарылыс себебі қоспаның ағуы болуы мүмкін, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
«Жарылыс салдарынан қазандық ғимаратының кейбір бөліктері қирады – шатыр мен қабырғаның оңтүстік жақ бөлігі құлады», – деп хабарлады Павлодар облысы бойынша Төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаменті өкілдері.
Зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды. Компрессор-оператор күйік алып, Павлодар қалалық №1 ауруханасына жатқызылды. Автокөлік жүргізушісі құлағы сынып жарақат алды. Алайда ауруханаға жатқызудан бас тартты.
Алдын ала тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылыс болған қазандық ғимараты газ арқылы жылытылған. Жарылысқа газ қоспасының дұрыс пайдаланылмауы себеп болуы мүмкін. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр.
Келесі мақала