Астанада полиция қызметкерлері жол қозғалысындағы тұрғындарға ауа-райының нашарлауы туралы ескертіп, барынша мұқият болуын сұрап отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қалалық ПД деректері бойынша, 20 ақпан күні таңертең елордада 120 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
Жаяу жүргіншілерге жолдан өту кезінде гаджеттерін жинап, құлаққаптарды шешіп, келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізу керек екенін еске салды.
Сонымен қатар, полиция елорда тұрғындарынан қаланы қардан тазартатын Коммуналдық қызметтерге түсіністікпен қарауды және жеке көлікті жол бойында қалдырмауды сұрайды.