Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Шораев: Мені Мәжіліске өткізбеудің бар амалы жасалынып жатыр

Шораев: Мені Мәжіліске өткізбеудің бар амалы жасалынып жатыр
ашық дереккөз
Қоғам белсендісі өзіне түрлі аяқтан шалу әрекеттері болып жатқанын айтып берді
Арман Шораев өзінің кандидатурасы  кей адамдарға ұнамағандықтан жұмысты толық бастауына кедергілер болып жатқанын хабарлады. Сөзінше, белгісіз адамдар оның бизнес тарихы мен жеке басын тексеріп, ондаған жылдар бұрынғы кәсібіндегі салықтарды тексеріп жатыр, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
"Мен неге әлі күнге дейін Астана қаласының №2 сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат екенімді ресми түрде жарияламай жүрмін.Заңгерлерімнің айтуы бойынша орталық сайлау комиссиясындағылар мен билік менің декларациям туралы фискальді органдарға тапсырыс беруді жалғастыруда.
Менің тіркелуімді қайтарып алу үшін тырнақ астынан кір іздеуде. Олар 2004 жылы жабылған жеке кәсіпкерлікке де жетті. Тексере келгенде үш базаның бірі бойынша жабылмаған болып шықты. Шынтуайтында мен бұған кінәлі емеспін. Бір сөзбен айтқанда, менің Парламент Мәжілісіне депутат болу мүмкіндігімнің жоғары екендігін билік өте жақсы түсінеді. Ендігі амал қолдарынан келсе жол бермеу. Өйткені, сайлауда тағы да ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан жаны сірі алаяқтық жасалуы әбден мүмкін.
Олар бүкіл әлемге өзгерген дүние, жаңарған саяси реформалар, әділ сайлау туралы жар қылып айтулары керек.Екінші жағынан өздеріне және солтүстіктегі көршімізге аллергиясы бар тәуелсіз депутаттар өтіп кетпеуі керек.
Осы айтыс-тартыстың бәрі, темір тосқауыл, жанталаса жасалған қарсылық қалай аяқталады деп ойлаймын.Қалай болған күнде де мен өзімнің жеңетініме сенемін.
Ал, Ақорда міндетті түрде ұтылады.Тек менің сүйікті елім осыдан пайда таба ма, жоқ па, ол арасы белгісіз...",-деді Арман Шораев.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар