Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Көшеде қайыр сұрайтын апаларды аяған баланың сөзіне желідегілер жылады (видео)

Көшеде қайыр сұрайтын апаларды аяған баланың сөзіне желідегілер жылады (видео)
ашық дереккөз
«Мен сізді ешқашан көшеге тастамаймын»: Баланың анасына айтқан сөзі көптің көзіне жас үйірді
Қазақстандық кішкентай баланың анасына айтқан сөзі елдің көңілін босатты, деп хабарлайды KYN.KZ. Әлеуметтік желіде еліміз өңірлерінің бірінде кішкентай баланың анасына жүрекжарды сөзін айтқан бейнежазбасы тарады. Онда бала көшеде қайыр тілеп отырған қарт ананы көріп, оның мән-жайын анасынан қоймай сұраған көрінеді. Баласына көшеде көрген көрінісінің мәнін түсіндіріп береді анасы. «Дайыр, сен көрген көшедегі әже садақа сұрап отыр. Ол да мен сияқты мама. Оның да балалары бар. Бірақ оның балалары дұрыс қарамаған соң, ол көшеде солай жүр. Ол кісі қартайып қалды ғой. Балалары өсіп кетті. Жас кезінде балаларын қарады. Енді үлкейгенде балалары мамасына қарамай қойды. Ішіп-жейтін тамақ керек болған соң осылай көшеде ақша сұрайды», - деп түсіндіреді анасы. «Мен ешқашан сізді көшеге тастамаймын», - деген Дайыр анасын жылатып қойды. https://youtu.be/DUJrrW6S214
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар