Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Робот емеспіз, қиын болды»: Түркиядан оралған құтқарушылар ондағы көрген қиындықтарын айтып берді

«Робот емеспіз, қиын болды»: Түркиядан оралған құтқарушылар ондағы көрген қиындықтарын айтып берді
ашық дереккөз
Қарағандыдан барған құтқарушылар Түркия Республикасының Нұрдағы қаласында 12 күн бойы жүктелген міндетін атқарды. Апат орнында болған жағдайларды сөз етіп, ондағы қиындықтарды баяндап берді, деп хабарлайды KYN.KZ. Олардың айтуынша, тәулік бойы адамдарды құтқарумен айналысып, арасында ғана көз шырымын алып алатын болған. 12 күн бір күндей өте шыққанын айтқан құтқарушылар ұмытылмас бір жағдайды баяндап берді. Айтуынша, алты қабатты үйдің үйіндісі астынан анасы мен қызын құтқару сәті есте қалыпты. Үйдің жертөлесінде 93 сағат бойы қозғалмаған екеуіне жеткенде ең алдымен су сұрапты. Іздеу-құтқару жұмыстары күн-түн демей дамылсыз жүргізілген. Құтқарушылармен бірдей жұмыс атқарған екі ит негізінен мәйіттерді тапқан. «Мұндай көрініске психологиялық тұрғыдан қанша даяр болсақ та, қара жамылғандарды көріп, ет жүрегіміз елжіреді» дейді олар. «Робот емеспіз, әрине қиын болды. Осы кісілердің осындай қиын жағдайын көруге. Олар бізге қарап үміттенеді, мыналар біздің туысты тірі табады дегендей. Мысалы, біз ағасын тапқан кезде, енді өлген кісіні тапқанда, өте маған қиын болды, кішкентай балалардың жылағаны. Енді ол әкесі емес, былай қарағанда, ағасы. Сонда да көп балалар жылады», - дейді Қарағанды облысы апат медицинасы орталығының дәрігері Алмагүл Ардабекова
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар