Каспийдегі сарбаздардың қазасына қатысты 5 лауазымды қызметкер ұсталды: басқа да тұлғалар ұсталуы мүмкін
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:01
- 40
"Іске қатысы бар басқа да тұлғалардың шеңберін анықтап, оларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр", - деп хабарлады ІІМ.
Бұған дейін ІІМ Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлғалар ұсталғаны хабарлады. Олардың қатарында ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ІІМ мәліметінше, тергеу қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылық фактілері бойынша жүргізіліп жатыр. Барлық күдікті тұлғалардың әрекеттеріне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ІІМ мен Бас прокуратураның ерекше бақылауында.



