Басты жаңалықтар
Зейнеткер құтқарушыларды жылатты:Түркияда екі аптадан кейін 90 жастағы анасы мен 70 жастағы ұлы құтқарылды
- автор kyn.kz
- 23 ақпан, 2023
- 291
70 жастағы зейнеткердің құтқарылған сәтте айтқаны көпшілікті терең ойға батырды
Жер сілкінісінен 16 күн өткен соң кейуана мен егде жастағы ұлы құтқарылды, деп хабарлайды KYN.KZ.
Түркияның Малатия қаласында зілзаладан 384 сағат өткен соң жергілікті құтқарушылар 14 қабатты тұрғын үйдің 11-қабатында тұратын 90 жастағы анасы Гүллу Акгюн мен оның 70 жастағы ұлы Ханифи Акгюнді аман-cау тапты.
Тұрғындар денсаулығына байланысты үйінен шыға алмай, қалуға мәжбүр болған.
Олар екі апта бойы құтқарушы күтіп үйінді астында жатқан. Қарт ананың ұлы Акгюн ұстаздық еткен. Зиялы азамат осынша уақыт бойы қанша қиналса да 90 жастағы анасының денсаулығына қарап отырғанын айтып құтқарушылардың жүрегін елжіретті.
Түркияда 6 ақпанда болған жер сілкінісінен 300 мыңнан астам ғимарат қирап, қайтыс болғандар саны 43 мыңға жетті.