Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Құжатта әйел болып жазылған": 55 жастағы қызылордалық өз төлқұжатын ешжерде қолдана алмай қор болды

"Құжатта әйел болып жазылған": 55 жастағы қызылордалық өз төлқұжатын ешжерде қолдана алмай қор болды
ашық дереккөз
Бұрындары қатарластарынан ұялып, құпия ұстаған жігіт ағасы енді зейнетке шыға алмай қаламын ба деп қорқып отыр
Елімізде адамдардың аты-жөнінде бір ізділік сақталмаған. Кей кездері аты мен тегін айыру қиынға соғып жатады. Енді көпшілігі «ов», «ев» деген жалғаудан арыла алмай жүр. Аты-жөні орысша немесе тегі қате жазылғандар да бар. Мұндай жағдайда не істеу керек екенін біле жүріңіз, деп жазды KYN.KZ тілшісі Астана арнасының жаңалықтарына сілтеме жасап. Бақытжан Саймов 55 жаста. Туу туралы куәлігін ата-анасы 1970 жылы алған екен. Ал онда атпалдай азаматтың аты-жөні әйел ретінде жазылған. Жас кезінде оған намыстанып, қатарластарынан құпияда ұстағанын жасырмайды. Енді неше жыл арқалап жүрген –ова мен -овна деген жалғауы зейнетке шығарда сергелдеңге салады ма деп қорқып отыр. "Саимова Бақытжан Куламкадировна деп жазылған. Бала күнімде паспорт алған кезде бір білдім. Метркенің көшірмесін жазатын едік қой. Сол кезде білдім да, көрсетіп едім ұл деп жаза сал деді. Сонымен паспорт алынып кетті. Одан кейін енді қарамадық метркені, жатты ғой үйде",-дейді  қала тұрғыны Бақытжан Саймов Қазіргі таңда қазақтың Гүлнұр, Қанағаттары құжат бойынша Гулнур, Канагат болып жүргені жасырын емес. Жалпы елімізде адамдардың фамилиясын жазудың 20-ға жуық үлгісі бар екен. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясына соңғы бір жылда құжаттарындағы қателіктеріне арызданушылар тіркелмеген. Ал Бақытжан Саимовтың мәселесі зейнетке шығуына кедергі келтірмейді дейді мамандар. Олардың айтуынша, аты-жөнін қазақшалауға ниеттілердің де қарасы қалың емес екен. "Барлығы бір жерден шешіледі. Өйткені өтініші бойынша біз әрі қарай құжатты жолдаймыз. Оған 0,5 айлық есептік көрсеткіш бойынша баж салығы бар. Соны төлегеннен кейін 15 күннің ішінде құжаты қазақша өзі қалағанындай болып келеді",-дейді  "Азаматтарға арналған үкімет"  мемлекеттік корпорациясының қызылорда облысы бойынша PR менеджері Ал тегін өзгерткен азаматтарға диплом секілді өзге де құжаттарды ауыстырудың қажеттілігі болмайды дейді мамандар. Барлығы электронды жүйеге тіркеліп тұрады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар