Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда зиратты су басып, мәйіттердің сүйегі жер бетіне шықты

Алматыда зиратты су басып, мәйіттердің сүйегі жер бетіне шықты
ашық дереккөз
Алматының шетінде орналасқан саяжайда қар еріп, зиратты су басты. Салдарынан зираттың ортасы опырылып ішіне түсіп, ондағы мәйіттердің беті ашылып жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Тұрғындардың 3-4 күн су астында тұрған зиратқа мыңдаған адам жерленген. «Әруақтар көзге көрінді» деп шошып қалған тұрғындар да бар. Жұрт ортасы ойылып түсіп кеткен бейттерге топырақ салып, амалдап қойған. «Зиратты су басып, он шақты мүрде ішіне түсіп кетті. Кеше беті көрініп жатыр. Біздің уәжіміз: қоршау керек бұл жерді», - дейді Жанарбек Сейтімбетов. «Мұнда менің балам жатыр. Осылай ашық жата берсе, оның сүйегін иттердің сүйреп сыртқа шығарып тастамасына кім кепіл? Ит иттігін істейді ғой», - дейді тұрғын Рима Елеева. Сондай-ақ арықтар толып аққаны соншалық, биіктегі бейіттен, сайдағы саяжайға түсіп, біраз үйді қиратқан. Жазық даланың қары еріп, қатты қарқынмен шайып кеткені сол, ашық алаңдағы жерлер де қақ айырылып датыр.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар