Жамбыл облысы Жаңатас қаласында 30 жастағы келіншек 7 баласын шырылдатып тастап, Алматыға қашып кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. Балалардың үлкені 13 жаста, ал кішісі 3-те. Киімдері мен құжаттарын алып, үнсіз ғана үйден шығып кеткен ол өз еркімен кеткенін, ендігі оралмайтынын айтып, күйеуіне бейнежазба жолдаған. 7 бірдей тірі жетімді анасының тастап кеткеніне 2 жылға жуық уақыт болды. Балалардың әкесі әйелінің әрекетін үлкен қылмысқа балап, соттау қажеттігін айтты. Оның сөзінше, әр балаға 2 жылдан жеті балаға 14 жылға бас бостандығынан айыру керек. "Аналық құқығынан айыру, алимент төлету деген жазаларға қарсымын. Тек соттау керек оларды". Әзірге әйелдің не үшін мұндай қадамға барғаны белгісіз.
Жамбыл облысында көкек ана жеті бірдей баласын тастап кеткен
