Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматылық әнші жігіт ішіне кірген жыннан қалай құтылғанын айтып берді

Алматылық әнші жігіт ішіне кірген жыннан қалай құтылғанын айтып берді
ашық дереккөз
Алматылық Қуандық есімді әнші жігіт ойын-сауыққа салынып жүрген күндерінің бірінде ішіне бір емес, бірнеше жынның кіріп алғанын айтты. Бұл туралы KYN.KZ хабарлайды. «Ұзақ жылдар өнер көрсетіп, үлкен сахналарға шығып жүрген әнші жігіт жасы 35-ке таяғанда ішімдікке салынып, бос уақытын ойын-сауықпен өткізеді. Өз өміріне қолдан қиянат жасаған ол «Жынның жетегіне қалай еріп кеткенінімді байқамай қалдым. Алланың қаһарына ұшырап қалдым ба, білмеймін, бәрі сол кезде басталды. Бармаған жерім жоқ. Психиатрларға да, балгерлерге де, емшілерге де апарды мені. Ешқандай пайда әкелмеді, маған ешкім сенбеді. Өз-өзіммен сөйлесемін, өзім жалғыз кетіп бара жатамын, бірақ жанымда тағы 10-15 адам жүреді. Алдыма біреу түседі, артыма біреу түседі. Бәрі менен кіммен сөйлесіп бара жатқанымды сұрайды, өйткені олар басқа адамның көзіне көрінбейді. Жатсам да, тұрсам да менімен бірге жүрді. Бастапқыда олар маған таныс адамдардың даусымен сөйлейтін». Қуандықтың айтуынша, жындар қас қарая бастағанда белсенділік танытады екен. Түнімен көз ілмей шыққан кездері болғанын жасырмайды. Құлағына белгісіз адамдардың дауыстары оны өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген. «Олар адамды азғындайды, қорқытады. Мені машинаның астына түсіруге бірнеше рет итермеледі. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлікке, жолға қарай итеріп жіберіп, өздері күліп тұратын. Сондай машина көп жүретін жерлерден қорқатын болдым», - дейді ол. Осыдан кейін Қуандық намазға жығылып, бұрынғы өмір салтынан, яғни үлкен сахнада өнер көрсетуден бас тартады. Жыннан арылуына достары себеп болыпты. Оны Қаскелеңдегі мешіт имамының алдына апарғанда төрт рет қашып кеткен. Бұдан бұрын да Қуандық намаз оқыған, алайда тастап кеткен. Нәтижесінде бойын жын билей бастаған. Қуандықтың ішіне жын кіргенін тек жақын туыстары ғана білген екен. Ол оның сыртқы белгілері ретінде өз-өзімен сөйлесуді және құлағына естілетін дауыстарды айналасындағылардың естімеуін атап көрсетті. «Олар өте анық сөйлейді, мысалы, біреумен сөйлесіп отырсам, ол кісінің өткені жайлы бәрін біліп отыратынмын. Кейін білдім олардың болашақты айта алмайтынын, тек өткеніңді дәл тауып айтады», - дейді Қуандық. Исламға бет бұрып, намазға жығылған жігіт мұндай қасіретті ешкімнің басына бермесін деп тілейді. «Осы дертке шалдықпас бұрын жындардың бар екеніне сенбейтін едім. Бар айтарым, олардан қорықпау керек, бұға берсең сұға береді олар. Сондықтан қарсы шығу керек, дұрыс, таза жүру керек», - дейді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар