Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Түркия елінде болған табиғи апаттың салдарынан 1858 бала жетім қалды

Түркия елінде болған табиғи апаттың салдарынан 1858 бала жетім қалды
ашық дереккөз
Аталған ақпаратты мәлемдеген Түркияның Қазақстандағы елшісі Уфук Экичидің айтуынша, тағы 213 баланың құжаты табылмаған көрінеді, деп хабарлайды KYN.KZ. «Жиналған деректер бойынша 1858 жетім баладан 1645-нің құжаттары табылып, нақты кім екені анықталды. 1314 бала туысқандарымен байланысуға қол жеткізді. Бірақ тағы 213 баланың жеке басының кім екенін растайтын құжаттары табылған жоқ. Балалар қазір мемлекет қамқорлығында»,- дейді Уфук Экичи. Мемлекет тарапынан балаларға жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Елшінің берген мәліметінен жер сілкінісі салдарынан ата-анасынан айырылған балаларға патронаттық тәрбиеші болғысы келетіндердің қатары көп екенін білуге болады. Айта кететіні, жетім қалған балалар өзге елге асырап алуға берілмейді, Түркиядағы туыстарын тапқан жағдайда сонда орналастырылады.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар