Басты жаңалықтар
Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді ұйықтамағаны үшін үтікпен күйдірді (видео)
- автор kyn.kz
- 24 ақпан, 2023
- 321
Шымкентте балабақша тәрбиешісі бүлдіршінді үтікпен күйдірген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Күйген бүлдіршіннің анасы балабақшаның Нұргүл есімді тәрбиешісі баласының екі қолын төрт жерінен күйдіргенін айтты. Сондай-ақ бала түнімен шошып ұйықтай алмай, балабақшадағы тәрбиешісінің тағы да күйдірейін деп жатқанын түсінде көрген. Ол аталған балабақшаға бір жасынан бастап барған.
«Ол тәрбиешіні жұмыстан шығарыңдар» десем, «онда сіздің балаңыз да кетеді, тәрбиеші де кетеді, сізге басқа садик тауып береміз» деп отыр меңгеруші», - дейді анасы.
Балабақша меңгерушісі баланың өзіне өзі үтік басуы мүмкін екенін сөз етіп, медициналық анықтама әкелуді сұраған.
«Балам үтіктің не екенін біледі. Оны жолатпайды», - деп отыр шымкенттік келіншек.
Ал тәрбиеші үтікті балалардың өзара ойнап, төбелесіп, бір-біріне басқанын жеткізді. Өзін үтікті тиісті орынға қоймағаны үшін ғана кінәлап отыр.
Алайда қолы күйген Марленді Нұргүл апайының үтікпен күйдіргенін балабақшадағы өзге балалар да растап отыр.
https://youtu.be/ztZrb6rqpU0