Басты жаңалықтар
Павлодарда полиция қызметкерінің өз үйінде мәйіті табылды
- автор kyn.kz
- 24 ақпан, 2023
- 193
Павлодар облысында полиция қызметкері өлі күйінде табылған. Оны Мамайыт Омаров ауылында өз үйінде сарайдан тапқан. Аталған факт негізінде сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілу үстінде, деп хабарлайды KYN.KZ.
Облыстық Полиция департаментінің мәлімдеуінше, учаскелік полицей 23 ақпан күні сағат 06:35-те қайтыс болған.
«Үйдің сарайынан учаскелік полиция инспекторының денесі табылды, ол асылып өлген», - делінген ведомство хабарламасында.
Болған жағдайдың себебі әзірге белгісіз, анықталып жатыр.
«Бұл фактіге қатысты полиция 105-бап бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады», - деді Полиция департаменті өкілдері.
Келесі мақала