Басты жаңалықтар
Музыкант Darkhan Juzz-дің неден көз жұмғаны белгілі болды
- автор kyn.kz
- 25 ақпан, 2023
- 411

Darkhan Juzz деген атпен танымал болған қазақстандық музыкант, хип-хоп әнші Дархан Жүнісбековтің неден көз жұмғаны белгілі болды.
«Таиланд полициясының мәліметіне сәйкес, 24 ақпанда Пхукет аралында Қазақстан азаматы Дархан Жүнісбеков қайтыс болды. Біздің азамат жалдамалы мопедпен келе жатқанда жол-көлік апатына ұшырап қайтыс болды. Консул қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, мәйітті Қазақстанға жіберу үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-нен.
Айта кетейік, Darkhan Juzz атымен танылған Дархан Жүнісбеков 1991 жылы 9 тамызда Алматыда дүниеге келген.
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025