Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астана әуежайында Шымкентке ұшпадық деп шу шығарған әйел жазаланды (видео)

Астана әуежайында Шымкентке ұшпадық деп шу шығарған әйел жазаланды (видео)
ашық дереккөз
Астана әуежайында елордадан Шымкентке ұшатын рейс алдымен кейінге шегеріліп, кейін мүлде ұшпайтын болғаннан кейін жолаушылар жанжал шығарды. Жолаушылардың біріне қатысты әкімшілік іс қозғалды.
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жылғы 25 ақпанда Астана әуежайындағы желілік полиция бөліміне Fly Arystan әуе компаниясының өкілдерінен Астана – Шымкент рейсі ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылғаны туралы хабарлама түскенін мәлімдеді.
"Осыған байланысты 20-ға жуық жолаушы әуе компаниясы өкілдеріне өз наразылығын дөрекі түрде білдіре бастаған. 2-терминалдың екінші қабатындағы кассада олар жеке заттарын, сөмкелер мен ішінде суы бар пластик бөтелкесін лақтырып, ақпараттық бағаналар мен қорғаныш таспаларын құлатқан", - деп мәлімдеді көліктегі полиция департаментегіндегілер.
Мән-жайды анықтау барысында осы рейспен ұшқан Астана қаласының 27 жастағы тұрғыны анықталды.
Әйелге қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы 1-бөлігі "Ұсақ бұзақылық" және 73-2-бабы "Соққыға жығу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Рейстің жолаушыларына сатып алған жері бойынша билет ақысы қайтарылды.
Дереккөзі:Sputnik.kz
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от KYN.KZ (@kyn.kz)

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар