Басты жаңалықтар
Алматыда жүк көлігін көтере алмаған асфальт опырылып, көлік ойық жерге түсіп кетті (видео)
- автор kyn.kz
- 27 ақпан, 2023
- 338

Аталған төтенше жағдай Алматының Түрксіб ауданында орналасқан Маяк ықшамауданында болды, деп жазды KYN.KZ.
Топчиев көшесі, 55 мекенжайында орын алған жағдайға байланысты Түрксіб ауданының әкімдігі мердігерлердің шұңқырды жауып, тесіктерді бітеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлады.
«Көктем мезгілінде асфальт жабынын қалпына келтіру үшін шұңқырды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар Маяк ықшамауданында екінші тоқсанда сумен жабдықтауды тарату желілеріне күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Осыдан кейін жол жабыны толығымен қалпына келтіріледі», - деп жауап қатты аудан әкімдігі қызметкерлері.
https://youtu.be/LsNnjxZafQ0
Ұқсас жаңалықтар
Басты жаңалықтар
«Қар аралас жаңбыр»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы
- авторТомирис Тоныкөк
- 18 сәуір, 2025