Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дұғалова тұрмысқа шығу тойы Астана қаласында қашан және қандай стильде болатынын айтты

Дұғалова тұрмысқа шығу тойы Астана қаласында қашан және қандай стильде болатынын айтты
ашық дереккөз
Жанар Дұғаловаға сырға салу салтанаты болып қойды
Жақында тұрмысқа шығатынын айтқан Жанар Дұғалова қай өңірдің азаматын өмірлік жар етіп таңдағанын айтты. Сырға салу рәсімі өтіп қойған әнші астаналық азаматтың етегінен ұстайтынын және тойын заманауи стильде өткізетінін мәлім етті, деп жазады NEGE.KZ сайтына сілтеме жасаған KYN.KZ тілшісі. "Сырға салу рәсімі өтіп кетті. Үлкен тойды наурыз айына белгілегенбіз, бірақ жоспарға байланысты өзгеруі де мүмкін. Нақты уақытын айта алмаймын. Шынымды айтсам, өз басым қыз ұзату тойын жасағанды қаламап едім. Заманауи тұрғыда екіжақты біріккен той жасасақ деген ойым болды. Бірақ әке-шешем қолқалап қоймады. Сол кісілердің қалауы болғандықтан, бас тарта алмадым. Тойымыз заманауи стильде өтетін болғандықтан, қыз жолдас болмайды. Көп кісі қатысатын үлкен той жасаймыз деп  айта алмаймын. Ет жақындардан тұратын шағын ортада өткіземіз. Әлбетте, әріптестерімнің ішінде жақын араласатын достарымды шақырамын. Астанада тұрмыс құрамыз", - деді Жанар Дұғалова. Сонымен қатар Жанар Дұғалова отбасы құрғаннан кейін өнерден алыстамайтынын да ашып айтты. "Біз екеуара бұл мәселені шешіп алғанбыз. Ол – менің өнерімді бағалап, қолдап-қолпаштап отыратын адам. Сондықтан ондай талап қоймайтынына сенімдімін. Оның үстіне мен өзгертуге тырысатын жаста емеспін ғой. Бізде ешкім ешкімді өзгертуге талпынбайды. Бір-бірімізді қалай бар, солай қабылдаймыз. Махаббаттың мәні де сонда болса керек", - деді Жанар Дұғалова.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар