Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Өгей шешенің айдақтауымен әкесі 4 бірдей баласын үйден қуды

Өгей шешенің айдақтауымен әкесі 4 бірдей баласын үйден қуды
ашық дереккөз
Жалғызбасты Әйгерімді балаларымен қосып туған әкесі үйінен қуып шықты. Таңғы 5-те 3 айлық сәбиін, 3 жасар қызы мен екі бауырын жетектеп Алматыға аттанған ол автомойкада көлік жуып жүрген әпкесіне баруға мәжбүр болды, деп жазды KYN.KZ. Автомойкада әрі жұмыс істеп, әрі сол жерді баспана етіп жүрген әпкесі бауырларымен аядай бөлмеге жайғасты. 4 бала мен апалы-сіңлілі жалғызбасты аналар автомойкада тұрып жатыр. Өмірі 6 шаршы метрлік сыз да суық көлік жуу орнында өтіп жатқан, тағдыр тезіне ерте түскен 6 адамды әрі қарай не күтіп тұрғаны беймәлім. Жергілікті құқық қорғау органдарының бұл жағдайға қандай шара көргені әзірге белгісіз.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар